сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 1 27.06.2023 13:18

Шілдеден бастап ұлғаятын жәрдемақыны халық уақытында алуы керек – Премьер-Министр

Фото: ашық дереккөз

Азаматтар жаңа төлемдерді уақытында алуы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Жоғарыда айтылғандай, 1 шілдеден бастап бірқатар төлемдерді ұлғайту көзделіп отыр. Еңбек министрлігі Әлеуметтік кодекске сәйкес жәрдемақыны арттыруды, олардың уақытылы әрі толық көлемде тағайындалуын қамтамасыз етуі қажет. Азаматтар жаңа төлемдерді уақытында алуы керек», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, әлеуметтік қолдау шараларын нақтылау үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.

Қазіргі уақытта Үкіметтің 26 қаулысының 10-ы қабылданды.

«Еңбек министрлігі әкімдіктермен және Ақпарат министрлігімен бірлесіп, жаңа Әлеуметтік кодекстің ережелері туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», - деді ол.