сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 22 29.11.2022 14:44

Жапония жайлы қызықты деректер пайда болды

pixabay.com

TikTok желісінде Жапония жайлы бес дерек айтылған видео жарияланды, деп хабарлайды Teznews.kz сайты. 

Жапониядағы өмірі жайлы баяндайтын @japanontiktok никнейммен тіркелген қолданушы блог жүргізеді. Әр түрлі видеода ол ерекше деректер мен көрнекі орындарды салып отырады.

Танымал болған видеолардың бірі - күн шығыс еліндегі таңғаларлық нәрселер. Бірінші дерек - тағамға шикі жұмыртқаны жиі қосу. Жапонияда бұл әдетке айналған әрі қауіпсіз. Блогерді таңғалдырған тағы басқа заттар - бойфрендті жалға алу және айналмалы тұрақтар.

«Көшеден қоқыс жәшігін табу қиын. Жапонияда мейрамханада жалғыз өзі тамақ ішетіндер көп, бұл да үйреншікті іс болып кеткен», - дейді автор.

Видеоны мына сілтемені басу арқылы көре аласыз!