сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 9 11.07.2023 11:34

Танымал блогер зәулім үйінің бағасын айтты

Фото: Фото: instagram.com/elshinakmaral

Танымал блогер Ақмарал Елшін зәулім үйін көрсетіп, Жұлдызды шаңырақта бағдарламасында үйіне кеткен шығын туралы айтты, деп хабарлайды  teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме беріп.

Блогер Ақмарал Елшін үйді сатып алудан бөлек құрылысына да қыруар қаржы кеткенін айтты

"Енді мен үйдің тек материалдарына, құрал-жабдықтарына жауап бердім. Ал сіңілім барлық қаржыны есептеп отырды. Негізі майда-шүйде заттарға ақша көп кетеді екен. Тек үйдің материалдарына яғни, құрылысына 15 миллион теңге кетті. Ал жиһаздар тіптен бөлек ақша болды. Негізі бұл үйдің бағасы 140-150 миллион бірақ біз саудаласып арзан бағада түсіріп алдық. Бұл шаңырақты біз 38 миллионға сатып алдық. Біз сатып алғанда күрделі құрылыс жұмыстарын талап еткен", - дейді блогер.

Сондай-ақ, үйдің сәні үшін сатып алынған айналар да блогердің қалтасын жұқартқан секілді.

"Мен енді заманауи стильде жасадым. Үйдің дизайны, басқа да жабдықтарын өзім таңдадым. Кіреберістегі айна мен қонақ отыратын жердегі тағы 2 айна бар. Осы үш айнаны қосқанда жалпы сумма - 1,5 миллион кетті. Бұл бар болғаны үш айнаға", - дейді Ақмарал Елшін.

Ал желі қолданушылары блогерді сынға алып, түрлі пікір қалдырды. 

"150 миллионның үйі мұндай болмайды", "Ата-анасына ақша маңызды секілді", "Бұл кім?", "Жұлдыз дейтіндей халыққа не істепті", "Бұлар кімдер?, бірінші рет көруім","Блогер сымақ болып, гив ұйымдастырып, билет сатып жүр", "Блогерлерде не қылған ақшалар", "Осылар ақшаны қайдан алады"- деп жазды олар.