сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 8 13.07.2023 14:25

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Түркияда қалай демалып жатқанын айтты

Фото: nur.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жарымен бірге Түркияда демалып жатқанын Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Түскі асты ішіп, бөлмеге келсем, үлкен құрметпен жемістердің бәрін әкеліп қойыпты. Қандай әдемі, керемет. Бұл Нұрекең екеуімізге зор құрметпен түрік ағайындар жасаған", - деді ол Instagram-да жариялаған видеосында.

Желі қолданушылары Гүлзираға демалысы жақсы өтсін деп тіледі.

"Керемет. Менің балаларыма да жұғысты болсын", "Мен де барғым келіп кетті", "Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Үлгілі отбасы", - деді пікір білдірушілер.