бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 9 14.12.2022 16:36

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі алғашқы орнынан түсіп қалды

Фото: katehon.com

Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингіндегі бірінші орыннан түсіп қалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Forbes және Bloomberg мәліметінше, енді ғаламшардағы ең бай адамдар арасында LVMH люкс тауарлар компаниясының басшысы Бернар Арно көш бастады.

Forbes дерегіне сүйенсек, Масктің дәулеті қазір 178 млрд долларды құрайды. Ал Арноның жалпы байлығы 188 млрд долларды құрады.

LVMH - француздық сәнді бұйымдар конгломераты. Компания 1987 жылы Louis Vuitton және Moët Hennessy сән үйлерінің бірігуі нәтижесінде құрылды. Қазіргі уақытта ол 75 люкс брендін біріктіріп отыр. 2021 жылы LVMH Еуропадағы ең құнды компания болып танылды. Кәсіпкерлікті Арноның отбасы басқарып келеді.

Маск Forbes журналының миллиардерлер тізімінде алғаш рет 2021 жылдың көктемінде көшбасшы болған. Сол кезде оның таза дәулеті 219 млрд долларға жетіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безосты екінші орынға ығыстырған.