сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 12 25.07.2023 9:35

Фариза Төреәлі күйеуіне қымбат сағат сыйлады

Фото: massaget.kz

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі күйеуіне қымбат сағат сыйлады, - деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына жариялады.

"Дүние есігін ашқан күніңіз құтты болсын. Сіз менің әлемім, сіз менің өмірімнің мәні, менің барымсыз. Сізбен өткізген әрбір күн, әрбір сәт, әрбір минут бағалы, бақытқа толы! Раббым екеумізге салихалы ұрпақ нәсіп етсін, біздің басты миссиямыз - осы. Бойыңыздағы адалдық, тазалық, адамгершілік, кең пейіл, иман үшін жақсылықтың бәрі нәсіп болсын. Алла разылығы үшін шын жүрегіммен сүйемін",- деп жазды Фариза Төреәлі.