сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 9 27.07.2023 10:18

Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

©instagram.com/sabit_abdykalykov

Белгілі әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан “Өмірдің өзі” бағдарламасында әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтып, өкініші барын да жасырмады. 

“Менің әкем – елдің көз алдында жүрген азамат. Бір рет Мейрамбек Бесбаев ағамыз "Асылжан, әкең өзгермейтін адам" деп айтып еді. Менің әкем – қолы ашық, ақкөңіл, адамнан көмегін аямайтын кісі. Менің көзқарасыммен солай. Ал сырт көздің пікірі мен үшін маңызды емес. Қолы ашық, әзілқой, кей жерде аңқаулау, ер адамға тән қатты мінезі бар азамат”, – дейді Асылжан.

Сондай-ақ әкесімен арақатынасы мінсіз емес екенін, тіпті кейде сөзге келіп қалатын кездер болатынын жасырмай айтты. 

“Жасөспірім кезімде әкемнің тарапынан ақыл-кеңес жетіспеді. Бірақ мен оны өзінен барып сұрасам, әкем маған айтар еді. Менде балалық, тәкаппарлық болды, оған бара алмадым. Ол да сұрамады, себебі күйбең тіршілікпен жүрді. Кейін университетке түстім, екі жыл шетелде тұрдым. Сол кезде маған “Неге әкеммен сырласа алмаймын? Ол кісі тірі ғой. Менде әлі де мүмкіндік бар” деген ой келді. Сөйтіп оқуымды бітіріп, Алматыға келдім. Содан екеуіміз жақын араласа бастадық. Ол кісінің өмірінде жұмысына, жеке өміріне қатысты қиын жағдайлар болды. Сол кездері сырластық. Қазір екеуміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Арамызда түсініспеушіліктер болады. Себебі ол да, мен де адаммын. Екеуіміздің жынды мінезіміз бар, кейде сол мінезіміз шайқасып қалады. Бірақ екеуіміз бір-екі ауыз сөз үшін араласпай кеткен жоқпыз ", – дейді Айгүл Иманбаеваның ұлы.