сенбі, 5 қазан 2024
Шоу-бизнес 166 27.07.2023 14:34

Қайрат Нұртас жаңа кино түсіреді

Фото: lmusic.kz

азақстандық әнші Қайрат Нұртас жақында жаңа фильм түсіреді. Бұл туралы ол Fatbelly Show-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, жаңа фильмі өзі туралы болады.

"Келесіде Қайрат Нұртас емес кәдімгі, таза өмірдегі Қайрат Айдарбеков болып ойнағым келеді. Жақын арада, осы бір жарты жылдың төңірегінде Құдай қаласа, сол киноны түсіреміз. Дайынмын", - дейді Қайрат.

Ол фильмде өмірдегі Қайратты көрсеткісі келетінін айтты. Әншінің айтуынша, халықтың алдына шыққанда өзгеріс болады.

"Мен негізі, халықтың алдына келген кезде, өзімнен өзім өзгере кетемін. Ал өмірде мен өте қызық адаммын, ойнаймын, күлемін, сөйлеймін", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртас "голливудтық фильмге түскіңіз келе ме? Америкаға барып, фильмге түсу ойыңызда жоқ па" деген сұраққа "Америка маған келсін" деп қысқа жауап берді.