жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 01.08.2023 17:24

Түгі қалмай жанып кеткен: Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото: @POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза болды, деп хабарлайды teznews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысқан.

"Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - деді Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Калиев.