жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 02.08.2023 10:33

Төлемсіз астыртын әкелінген темекі сақталған қойманы анықталды

Фото: stan.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі акциздік төлемсіз астыртын әкелінген темекі сақталған қойманы анықтады, деп хабарлайды teznews.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше қоймада заңсыз сатуға арналған 2 миллионнан аса шетелдік темекі қорабы сақталған. 

“Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 миллиард теңгені, ал төленбеген акциз сомасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.

Өзге ақпарат Қылсмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.