жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 03.08.2023 12:22

Қолтырауын футболшыны жұлқылап, жеп тастады

Фото: News.com.au

Коста-Рикада қолтырауын футболшы Хесуса Альберто Лопес Ортисті жеп тастады. Ол жергілікті "Депортиво Рио Каньяс" командасының құрамында болған, деп хабарлайды teznews.kz massаget.kz сайтына сілтеме беріп.

The Sun басылымының мәліметінше, қолтырауын 29 жастағы спортшыға тап берген. Оқиға сенбі, 29 шілдеде Гуанакасте провинциясында болған.  

Қолтырауын спортшыны жұлқылап өлтіріп тастаған. Полиция жануарды атып тастауына тура келген.  

Спортшының отбасы оны жерлеуге қаржылай көмектесуді сұраған. Футболшының артында 8 және 3 жасар екі баласы қалды.