жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 03.08.2023 15:28

Асылхан Төлепов желіде шетінеп кеткен ұлы туралы жазба жариялады

Фото: ernur.kz

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба арнады. Өнер иесі өмірде болса, ұлының биыл екі жасқа толатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Бүгін менің батырымның туған күні. Жанымызда болсаң, екі жасқа толар едің. Батырым! Қошақаным! Тәп-тәтті болған қара томпағым. Сені бір иіскеп, сүйіп, қатты құшақтап алсам ғой", - деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, актердің кішкентай ұлы былтырғы жылы наурыз айында шетінеп кеткен еді.