жұма, 27 қыркүйек 2024
Әлем 12 03.08.2023 15:57

Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық қайтыс болды

Фото: Inbusiness.kz

Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілген еді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді.