жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 03.08.2023 17:13

Ақтөбе облысында жасөспірім үш адамды қағып кеткен: бір бала көз жұмды

Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе облысында жасөспірім үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 тамызда сағат 21:30-да Сарыжар ауылында болған. Үш жастағы бала қаза болып, тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған

"Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қаза болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.