сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 13 03.08.2023 19:35

Трамп 561 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: style.rbc.ru

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өз жақтастарына сөйлеген сөзінде үш қылмыстық іс бойынша жалпы 561 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. 

 

"Жемқор әділет министрі қисық Джо маған тағы да заңсыз айып тағып отыр. Мәліметтер бойынша, мен 561 жыл түрмеде отырамын. Бұл алты өмір. Бірақ кімде-кім басқа адамды алты өмірлік мерзімге түрмеге отырғызғысы келсе, ол өзінің қорқақтығын көрсетеді", – деді Дональд Трамп.

Трамп өз жақтастарын "Американың тиранияға түсуіне бейбіт түрде қарсы тұруға" шақырды. Өзінің сайлау науқанында көмек қолын созуды өтінді.