бейсенбі, 26 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 26 04.08.2023 12:27

БҚО әкімі бірінші орынбасарын жұмыстан босатты

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бірінші орынбасары Ержан Балтабаевты қызметінен босатты. 

 

Әкімдіктің ақпаратынша, Ержан Балтаев "Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулер мен міндеттерді сақтамағаны үшін" жұмыстан қуылған. Бірақ нақты себебі хабарланбады.

Балтаев биыл қаңтар айында өз қызметіне кіріскен болатын. Ол құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, автомобиль жолдары және көлік инфрақұрылымы мәселелерімен айналысқан.

Ержан Балтаев еңбек жолын Астанадағы жылжымайтын мүлік орталығында бастаған. Одан кейін жекеменшік компанияларды заңгер болып істеді. БҰҰ Даму бағдарламасы бойынша ұлттық менеджер болды. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне дейін Астанадағы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі болды.