бейсенбі, 26 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 528 07.08.2023 12:3

Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда кенеттен көз жұмды

Фото: smi24.kz

«Атырау-Астрахань» бағытында лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды, деп хабарлайды teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді.

Қайғылы оқиғаның себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталады» делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.