бейсенбі, 26 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 07.08.2023 14:58

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Алматыда өзге ұлт өкілдерінің көбейгенін айтты

Фото: qznews.kz

 

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Алматыда өзге ұлт өкілдерінің көбейгенін айтты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Алматыда негр де, индус та, қытай да, ауған да қаптап кетіпті... Тіпті, біздің алақандай Құлагер шағын ауданында да өріп жүр...

Бұрын Құлагерде 95% тек қана қазақтар тұратын, тіпті, орысты ырымға әрең табатынбыз. Қазір ресейліктер біздің ауданда да шұбырып жүр...

Құдай артының қайырын берсін", - деп жазды журналист.