бейсенбі, 26 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 07.08.2023 17:49

Шымкентте үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Фото: www.inform.kz

Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Циалковский көшесінде болды. Өрт орын алған аумақта 100 шаршы метр ғимарат құлап, 60 шаршы метр алаңдағы сарай мен жолаушылар көлігі жанып кетті. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 және 38 жастағы тұрғындардың мәйіттері табылды.

«Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.