бейсенбі, 26 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 28 14.08.2023 10:48

2023 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының ұсынған деректеріне сүйенсек, 2023 жылғы маусымда ұл балаларға Әлихан, ал қыздарға Медина есімі көп таңдалған.

 

Биыл ұл балалар арасында Әлихан, Алдияр, Әмір есімдері жиі қойылған. Үздік бестікке сондай-ақ Омар, Алан есімдері де ілінген.

  • Алихан - (298);
  • Алдияр - (262);
  • Амир - (240);
  • Омар - (233);
  • Алан - (227);
  • Айсұлтан - (208);
  • Мухаммад - (188);
  • Нұрислам - (182);
  • Хамза - (180);
  • Али - (171).

Қыздар арасында Медина, Айлин, Айша есімдері танымал.

  • Медина - (551);
  • Айлин - (482);
  • Айша - (452);
  • Асылым - (440);
  • Томирис - (305);
  • Сафия - (284);
  • Раяна - (283);
  • Айым - (266);
  • Амина - (257);
  • Аяла - (246).