сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 11 14.08.2023 11:52

Өзбекстандық блогер күйеуінің туған күніне тоқал сыйлады

Фото: bloknot.ru

Өзбекстандық блогер күйеуіне ерекше сыйлық жасап, жұртты таң қалдырды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әйелі сүйікті жарының туған күнінде романтикалық тосын сый жасаған.

Блогер тосын сыйды жүзеге асыру үшін мерекелік залды жалға алған. Күйеуіне салтанат залының ортасындағы үлкен қорапты ашуын өтінеді. Оның ішіне блогер өзі рұқсат берген сыңай танытып, екінші әйелді жасырып қойған. Күйеуін сендіру үшін тіпті қалыңдыққа дәстүрлі той көйлегін кигізген. Мерекелік атмосфера үшін отшашуға да тапсырыс берген.

Мұндай сыйлықты күтпеген ол жұбайының бұл әрекетін жоғары бағалады. Жұптардың бірге түскен романтикалық суреттері де қызу талқыға түсіп үлгерді.

Қоғам назарын аудартқан жағдайға қатысты полицейлер пікір білдірді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бейнежазба авторымен профилактикалық түсіндіру шарасын жүргізді. Блогерге Өзбекстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынғанын ескертіп, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.