сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2 14.08.2023 14:49

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

"Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.