сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 14.08.2023 15:17

Сәтбаевтағы жұмысшылардың наразылығына қатысты түсініктеме берілді

Фото: kazinform.kz

«Қазақмыс» ЖШС Сәтбаевтағы жұмысшылардың наразылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқанын хабарлады. Мән-жайды білу анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ ресми ақпаратта өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады.

«Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан сындарлы диалогқа ашық және солай қала береді», - дейді компаниядан.