сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 48 15.08.2023 10:42

Қайрат Нұртастың әкесі Президентке үндеу жасады

Фото: видеодан кадр

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Президентке үндеу жасады.

Оның айтуынша, ол ұшуы керек болған рейс әбден кешігіп, бірақ ұшқан.  

"Құрметті біздің еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға. Менің сізге қоятын сауалым: еліміздегі әуекомпаниялар біздің елдің заңына бағынатын компаниялар ма? Әлде өздері ешкімге тәуелсіз, ешкімнің алдында жауап бермейтін компаниялар ма? Осы жайлы білгім келеді. 

Бұл сауалды қою себебім: мен Қазақстан азаматы болғандықтан және өзімнің шаруаларыма байланысты ұшақта көп жүретінім рас, бұл бірінші рет болып тұрған жоқ. Мысалы, бүгін болған жайтты айтар болсам, 11-іне қараған түні 01.50-де Астана қаласынан Алматыға ұшатын ұшақ таңғы 5-тен асқанда әрең ұшты. Бір кісі келіп, "осындай жағдай болып жатыр, кешіріңіздер, техникалық ақау болып жатыр" деп ескертпей, жай ғана "бірнеше уақытқа кешікті" деп таңғы 5-ке дейін әуежайда отырдық. Бұл қалай? Ол кісілердің шаруасы жүріп жатыр. Ал біз, қара халық, біз де кешіктік, біздің де шаруамыз бар. Мысалы, мен Астанадан Алматыға келіп, одан әрі тағы жүруім керек болатын. Осыған жауап беретін адам бар ма? Әлде сіздің тапсырмаларыңызды, қойған талаптарыңызды мүлде тыңдамайтын болғаны ма?", - дейді Нұртас Айдарбеков.