сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 15.08.2023 11:25

Ресей мен Беларусь спортшылары 2024 жылғы Олимпиадаға қатысатын болса 35 ел бойкот жариялайды

Фото: ашық дереккөз

Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Ресей мен Беларусь спортшылары қатысатын болса, Украина оған бойкот жариялайды. 

 

Украина премьер-министрі Денис Шмихал соғыс кезінде 340 украиндық спортшы мен жаттықтырушы қаза тапқанын, 343 спорт нысаны қирағанын және бүлінгенін еске салып, "Украиналықтардың қанына боялған мемлекеттер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды" - деді.

Оның айтуынша, Олимпиадаға бойкот жариялауға 35 мемлекет әзір.

"Әділ спорт үшін қуатты халықаралық коалиция құрылды", - деді ол.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшылары Париж Олимпиадасына жекелей сында қатыса алатынын, бірақ тек бейтарап мәртебеге ие болатынын растаған.