сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 17.08.2023 14:15

Қостанайда жол апатынан нәресте қайтыс болды

Фото: Егемен Қазақстан

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 17 тамызда Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті.

Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты көз жұмды. Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

ІІМ баспасөз қызметі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.