сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 18.08.2023 13:51

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: БҚО ТЖД

18 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шақырту орнына жеткен құтқарушылар Бәйтерек ауданы Щапов ауылы маңында, Орал-Атырау тасжолының 35 шақырымында Газель жүккөлігі мен Фольцваген Пассат көлігінің соқтығысқанын анықтады.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнында көлікке қысылып қалған 2 адамның денесін шығарған. Зардап шеккен 4 жолаушы құтқарылды, оның үшеуі – бала. 4 жолаушы жедел жәрдем қызметіне берілді.

Полиция департаменті аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1979 ж.т. «Фольсваген Пассат» маркілі автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің 1993 ж.т. әйел жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ «Фольсваген Пассат» маркілі автокөлігінің 1986 ж.т. және кәмелетке толмаған 2021, 2019 және 2011ж.т. жолаушылары ауруханаға жатқызылды», – деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.