«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Көмекке мыналар кіреді:
- жерлеуге байланысты шығындарды жабу;
- қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
- 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);
- 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;
- Қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;
- Ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;
- Серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- Әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен лагерьлерге жыл сайын жолдама беру.
Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасты.