сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 18.08.2023 16:55

"Қазақстан" шахтасы кеншілерінің жалақысы қанша

Фото: ашық дереккөз

"АрселорМиттал Теміртау" тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай шахтерлердің жалақысын атады.

"Жұмысшылардың жалақысын шамамен айта аламын. Ол түрлі жағдайларға байланысты. Кен өндіру учаскесінің үңгушісі шамамен 860-880 мың теңге жалақы алады. Бірақ ол үшін жоспарды, техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы қажет. Бұл –бесінші разрядтағылардың жалақысы. Ал қосалқы учаскенің үшінші разрядты жерасты тау-кен жұмысшысының жалақысы 500-515 мың теңге шамасында. Олар да техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы тиіс", - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.