сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 22.08.2023 11:35

Бір әулеттің адамдары: 11 адам Сырдария өзеніне батып кетті

Фото: ТЖМ

Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде он бір адам батып кеткен.

 

Сегіз адамның денесі табылды. Олардың үшеуі кәмелетке толмаған. Қалған үш адамды іздеу әлі де жалғасуда.

Олар жол көпірінің жанында шомылу үшін белгіленбеген жерде батып кеткен.

Адамдарды іздеу үшін 144 адам, 16 бірлік техника, алты жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылған.

Қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері, олар тыйым салынған жерге шомылуға барған.

Белгілі болғандай, 11 адам да Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары.