сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2 25.08.2023 13:15

Дональд Трамптың түрмеде түскен суреті тарады

Фото: CNN

Желіде Дональд Трамптың түрмедегі суреті тарады. Бұл туралы Teznews.kz порталы СNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдыңғы үш жағдайда Трамп қамауға алынған кезде суретке түспеген.

Трамп – АҚШ тарихында магшоты, яғни түрмеде түскен суреті бар алғашқы (бұрынғы) президент.

Түрме жазбалары Трамптың тұтқындалғанын және Р01135809 нөмірімен тұтқын ретінде тіркелгенін көрсетеді.

Трамп Фултон округінің түрмесіне қамауға алынды, ол Джорджия штатындағы сайлауға араласты деген айыппен ұсталды, бірақ бұрынғы президент түрмеге өзі келген.

Бірақ ол 20 минуттан соң 200 мың доллар кепілмен босатылды. 

Процедурада тінту, суретке түсіру және саусақ іздерін алу болған.