сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 28.08.2023 10:16

Қырғызстанда алғашқы қар жауды

Видеодан алынған кадр

Қырғызстанның Нарын облысында алғашқы қар жауды. Бұл туралы қырғыз-қытай шекарасына жақын орналасқан куәгерлер хабарлайды, деп жазады Teznews.kz порталы Кактус Медиа порталына сілтеме жасап.

Желіде жолдар мен көліктер қар жамылған видео тарады.

Бұған дейін Қырғызгидромет 27 тамыз күні түстен кейін және 28 тамызда аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбырдың қарға ұласатыны, кей жерлерде жауын-шашын қарқынды болады деп ескертті.

Айта кетейік, жақында ШҚО Катонқарағай ауданының Белуха маңындағы «Нижний лагерь» кемпингінде алғашқы қар жауды.