сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 28.08.2023 12:27

Қостанай облысында ауыл сыртынан өзін өлтірген бойжеткеннің денесі табылды

Фото: dixinews.kz

Қостанай облысындағы Архиповка ауылының маңынан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының полиция департаменті бұл фактіге түсінік берді.

«27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған қыздың денесін тапты. Қазіргі уақытта полиция осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады»,-деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аймақтық БАҚ-тың хабарлауынша, желіде қыздың денесі табылған жерден видео тараған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.