сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 28.08.2023 14:29

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан шетелдік қаза тапты

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 тамыз күні сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Самара-Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.