сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 31 29.08.2023 15:49

Назарбаевтың құдасы жаңа қызметке тағайындалды

Фото: ulysmedia.kz

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.

Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Далбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған. Өткен жылдың ақпанынан бері Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысын қызметін атқарды.

Кейбір деректер бойынша, Далбеков – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның құдасы.

Далбековтың орнын полиция генерал-майоры Думан Таев басты.

Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы - Ақмола облысы ПД бастығы.

Суицид жасаған журналист Назарбаевтың құдасы Далбековті айыптады