сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 05.09.2023 11:46

Алматыда жол апатынан кейін жүргізуші қашып кеткен

Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Өткен түні Алматы қаласындағы Саин және Шаляпин көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды. Жол апатына кінәлі болуы мүмкін көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Шаляпин көшесімен қиылысқан тұста қашықтықты сақтамай, төрт көлікпен соқтығысқан: Nissan, Mercedes, Toyota және Chevrolet автокөліктері.

Полиция атап өткендей, кейін ол жол апаты болған жерден жаяу ізін суытқан. Қазіргі уақытта жүргізушінің жеке басы анықталған. Оны ұстау шаралары жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан Nissan жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен. Бұл фактіні Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қарауына алған.