сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 07.09.2023 12:56

Талдықорғанда жоғалып кеткен сегіз айлық бала табылды

Фото: видеодан кадр

Талдықорғанда жоғалып кеткен сегіз айлық бала табылды.

 

Полицияның айтуынша, баланы әкесі алып кеткен. Ол Талдықорғанда жеке секторда тұратын әкесінің туыстары үйінен табылды. Қазіргі уақытта нәресте анасына берілді.

"Баланың болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот қаулысына сәйкес өзінің әкімшілік қамауын өтеуді жалғастыруда", – делінген хабарламада.