сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 07.09.2023 14:49

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының тағы бір мүшесі көз жұмды

Фото: Tengrinews.kz

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания қаласында болған апат салдарынан тағы да бір қазақстандық қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жұбайы кеше реанимацияда қайтыс болды. Ұлын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Қаза тапқан үш адамның денесі бүгін Қазақстанға жіберіледі", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болды. Бұған дейін екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш турист қаза тапқан еді. Басылымның мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы апат орнында, ресейлік турист және 2 жасар қазақстандық ауруханада қайтыс болды.