сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 07.09.2023 16:11

Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген педофилге сот үкімі шықты

Фото: Newtimes.kz

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады.

Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру үшін ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап кіргізген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру үшін қызды асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп өлтірген.

Сот үкімі Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданында орналасқан ИЧ-69 мекемесінде оқылды.

48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, оған кастрация жасалып, 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салсақ, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан қаза болды. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.