сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 08.09.2023 10:18

Жетісу облысында жолға белгі салып жатқан қызметкерді көлік қағып кеткен

Фото: дереккөз

Жетісу облысында жол қызметінің қызметкері тас жолда қаза тапты. Бұл туралы Teznews.kz порталы хабалайды. 

Алматы – Өскемен тасжолының 410 шақырымында 22 жастағы Toyota Camry жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол ұйымының қызметкері жол бөлігіне белгі қойып жатқан. Ер адам оқиға орнында соққыдан мерт болды.

Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылған.