сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 08.09.2023 11:12

БҚО-да шаруа қожалық басшысы үш оралдықты құлдықта ұстаған

Фото: press.kz

Батыс Қазаақстан облысына қарасты Ақжайық ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Орал тұрғындарын еңбек құлдығында ұстаған. 

Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, БҚО Полиция департаментіне Ақжайық ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат келіп түседі. 

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған факті расталды. 

Белгілі болғандай, Орал қаласының тұрғындары арызбен келіп жүгінген. 

Бұл дерек бойынша Ақжайық аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес соталды тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. 

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.