Шымкентте ер адамның денесі бөшкеден табылды
Шымкентте ер адамның мәйіті битум құйылған бөшкеден табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 2023 жылғы 11 қыркүйекте сағат 08:56 –да хабарлама келіп түсті. Хабарламада Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-де ер азамат битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы айтылған.
Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп, альпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін жоғары шығарды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.