бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 8 19.12.2022 9:56

Мароккода тұрғын франциялық әжейді таспен ұрып өлтірді

Фото: Pinterest

Мароккода есінен адасқан ер адам Франциядан келген егде жастағы әйелді таспен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Africa News сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, отбасылық жұпқа таспен шабуылдап, кесірінен тас әжейдің басына тиіп, қайтыс болған. Жасы 80-де болған. Ал оның күйеуі ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты.

Хабарламада күдіктінің «психикалық ауытқуы» бар делінген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, осы дерекке қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Айта кетейік, сейсенбіден бейсенбіге қараған түні футболдан Франция-Марокко ойынынан кейін Парижде жаппай тәртіпсіздіктер болған.