бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 10 19.12.2022 10:2

«Аватар-2» фильмін көріп отырған ер адам қайтыс болды

Фото: ru.wallpaper.mob.org

Үндістанның Педдапурам қаласында ер адам «Аватар: су жолы» фильмін көріп отырып, жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz.

India Today басылымының мәліметінше, үндістандық киносеанстың ортасында өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Жанындағы туысы оны дереу ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер қайтыс болғанын айтады.

2010 жылы да Тайваньда 42 жастағы көрермен «Аватардың» бірінші бөлімін көргенде дүниеден өткен. Ер адам сюжетке қатты қобалжып, кейіпкерлер үшін уайымдағаны соншалық, оның жүрегі шыдай алмаған. Ал дәрігер фильмді шамадан тыс қобалжып көргеннен инфаркт пайда болғанын айтқан.