сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 14.09.2023 21:33

Молдованың алғашқы президенті Мирча Снегур қайтыс болды

tiraspol-news.ru

Молдованың алғашқы президенті Мирча Снегур қайтыс болды.

«Интерфакс» мәлім еткендей, Молдованың тұңғыш президенті Мирча Снегур 14 қыркүйекке қараған түні 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 1990 жылдың 3 қыркүйегінен 1997 жылдың 15 қаңтарына дейін елді басқарған.

Саясаткердің қазасы туралы ақпаратты бұрынғы вице-премьер Константин Тампиза растады. Снегур айықпас дертке шалдыққан көрінеді.

Молдованың тұңғыш президенті Кишинев орталық мазарында жұбайының қасына жерленеді.