сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 13 14.09.2023 22:22

Қазақстан футбол құрамасы ең көп тәртіп бұзған команда атанды

Фото: Reuters

 

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде ең көп тәртіп бұзған команда атанды.

Бұл туралы Teznews.kz медиа порталы  Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ресми сайты қыркүйек айындағы матчтар қорытындысы жариялап жатыр, онда ең көп ереже бұзған құрамалардың статистикасы да бар. Қазақстан құрамасы ең көп тәртіп бұзға команда атанды.

Магомед Адиев шәкірттері алты ойында 92 рет ереже бұзған. Қазақстандық футболшылар іріктеу кезеңінде 17 сары және бір қызыл қағаз алды.