сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 15.09.2023 14:35

Семейде жүкті әйел лифтіде босануға мәжбүр болған

Фото: pxhere.com

 

Перзентхананың лифті ақау шығып, бір сағат бойы тоқтап тұрған.

Бұл туралы Teznews.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде жүкті әйел перзентхананың лифтіне қамалып қалып, соның ішінде босанды.

Оқиға 3 қыркүйек таңғы сағат алтыда облыстық перинаталдық орталығында болды.

Техникалық ақаудан 5 жүкті әйел лифтіде қамалып қалған. Осы сәтте олардың бірінің толғағы қысады. Қасында тұрған әйел батыл әрекетке барады – оны лифтінің ішінде босандырып алған.

Аяғы ауыр келіншекке көмектескен Эльмира Жетпісова сол мекеменің акушері болып шықты. Ол еңбек демалысында жүрген, сол күні жүкті қызының жанында болу үшін перзентханаға келіпті.

"Менің анам батырлық танытты. Бір сағатқа тоқтап қалған лифтінің ішінде босандырды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт бойы ішінде болдық", - дейді оқиғаны көзімен көрген акушердің қызы.

Әйел ұл баланы дүниеге әкелген, есімін Матвей қойды.