сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 15.09.2023 15:44

Абай облысында 54 жылқы ұрлаған ер адам қолға түсті

Фото: polisia.kz

Абай облысының тұрғыны құны 43 млн теңге болатын 54 жылқыны ұрлаған анықтаған, деп хабарлайды teznews.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас ірі қара мал ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Ол сағат 23:00-ден таңертеңгі 6:00-ге дейін ауданның бір ауылының еркін жайылымынан белгісіз адам оның таңбаланған бір табын жылқысын алып кеткенін хабарлаған.

Сонымен қатар өтініш беруші биелердің бірінің мойнында JPS трекері бар екенін де айтқан. Ол  құрылғы арқылы жәбірленуші жануардың орналасқан қай жерде екенін тексерген, бірақ құрылғы ажыратылған күйде болған.

Сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылған. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны екені анықталған. Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіленген.

"Аталған факті бойынша ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген  Polisia.kz таратқан ақпаратта