сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 38 19.09.2023 13:57

Түркияға ұшқан жасөспірімнің неден қайтыс болғаны анықталды

Фото: sochi.bezformata.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Қазан - Анталья бағытында ұшқан әуе кемесінде жасөспірімнің неден қайтыс болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы ресейлік қыз "жедел жәрдем" келгенге дейін жан тапсырған. Қыз баланың жағдайы әуеде нашарлаған. Ұшақ бортында үш дәрігер болған, олар 45 минут бойы жансақтау әрекеттерін істеген, алайда аман алып қала алмаған.

"Қыз бала "103" келгенге дейін қайтыс болды. 2006 жылғы кәмелетке толмаған қыз Татарстан Республикасының тұрғыны, ол ДЦП анамнезімен ауырған", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, ұшқыштар лайнерді дереу Орал қаласына 16:00-де қондырған. Дәрігерлерді шақыру 16:02-де жүргізілген. "Жедел жәрдем" бригадасы әуежайға Қонаев ықшамауданынан аттанған. 16:17-де олар діттеген жерге жеткен.

Айта кетейік, Қазан қаласынан түркиялық Антальяға ұшқан Turkish Airlines әуекомпаниясының TK 3995 рейсінде төтенше жағдай болды: 17 жастағы ресейлік қыз қайтыс болды. Ұшақ дереу бағытын өзгертіп, Қазақстанға қонды.