сәрсенбі, 25 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 25.09.2023 12:15

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген экс-депутатқа үкім шықты

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе мәслихатының экс-депутаты Мұратова алты айға көлікті басқару құқығынан айырылды. 

 

Ақтөбе әкімшілік сотында қалалық мәслихаттың бұрынғы депутатына қатысты іс қаралды. Сәния Мұратова ӘҚБтК-нің 596-бабы “Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру” бойынша алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды. Мас күйінде көлік жүргізуге байланысты сот бұл істі әлі қараған жоқ. Мұратова сот отырысына келмеді.

Еске сала кетейік, 53 жастағы бұрынғы шенеунік Lexus маркалы автокөлікті мас күйінде басқарып, жол ережесін бұзған. Полиция оған қатысты екі әкімшілік хаттама толтырды.

Ол депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазды.

"Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясының С.Мұратованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысы сессия отырысында қаралып, нәтижесінде депутаттар қолдады. С. Мұратованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды", – деп хабарлады ТИК.